Трамп Тоқаевты «жақсы адам» деп мақтады
АҚШ президенті Дональд Трамп қазақстандық журналистің сұрағына жауап беріп, президентті мақтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақ үй басшысы өз сөзінде Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерімен мазмұнды әңгіме өрбіп жатқанын мәлімдеді.
«Менің Қазақстанға келуім әбден мүмкін. Президентіңізге сәлем айтыңыз. Ол жақсы адам", - деді Трамп.
Сондай-ақ, Америка президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін жасырмады. Ақ үй басшысы «Біз керемет әңгімелестік», деп бағалады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: