Түркістан облысында 13 жасар бала 2-сынып оқушысын зорлаған

Түркістан облысының Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында 8-сынып оқушысы 2-сыныпта оқитын қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Бұл туралы Нұрсұлтан Тошаев есімді азамат Facebook парақшасында жазды. Желі қолданушысы сұмдық жағдайдың Қошқарата ауылында болған айтты.

«Осы ауылда өткен аптада 8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шыққандығы айтылуда. Алайда, жәбірленушілер қорланған қыздың қылмыстық ісі қараусыз қала ма деп қорқады», - деді Нұрсұлтан Тошаев.

Түркістан облыс Зорлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар