Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды

Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде әйел екі баласымен иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ТЖД мәліметінше, үйде төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала жансақтау бөліміне жеткізілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Түтін шығатын мұржа уақытында тазаланбапты.

Мәліметке сәйкес, қаза тапқандар әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласы. Ал 13 жастағы бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Түркістан Шұбарсу облыс газ

Тақырыпқа жаңалықтар