Түркістан облысында әкесін сабаған ер адам 6 жылға сотталуы мүмкін
Түркістан облысында әкесін өлімші етіп ұрды деп айыпталған Алмас Садақбаевты прокурор 6 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сотта ауыр қылмыстық іс бойынша жарыссөздер өтті. Өз әкесін аса қатыгездікпен ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындап, сотта жылап, кешірім сұрады.
“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.
Оның адвокаты да соттан қатаң жаза қолданбауды өтінді.
Үкім ертең, 15 қаңтарда жарияланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: