Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған
Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданына белгісіз біреулердің көліпен 12 жастағы қызды аңдығаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде 12 жастағы қызға белгісіз ер адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Мектеп оқушысы бас тартқаннан кейін олар қызды артынан жүре бастаған.
Оқиғаға бей-жай қарамаған ауыл тұрғындары араласқаннан кейін ер адамдар қызды аңдуларын тоқтатқан. Оқиғаның видеосы көп ұзамай ауыл чаттарында таралып, тұрғындардың алаңдауына себеп болды.
Күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: