Түркістан облысында екі шенеунік пара беріп, бірі ақша жымқырып ұсталды
Түркістан облысында бірден екі әкімдік басқармасының басшылары ұсталды. Олардың бірі бюджет қаражатын ұрлады, ал екіншісі пара берді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, өңірдің қоғамдық даму басқармасының басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Ведомствоның мәліметінше, шенеунік қарамағындағылармен сөз байласып, қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген ақшаны иемденген.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының комиссия өкілдеріне оң қорытынды шығарғаны үшін 16 млн теңге көлемінде пара беру фактісін тексерді.
Сот санкциясымен шенеуніктер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: