Түркістан облысында ер адам әкесін өлтіруге тырысты

Түркістан облысы Жетісай ауданында қарт ер адам ұлының өлтіруге оқталғанын айтып бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ер адамның айтуынша, ұлы оған қоқан-лоқы көрсетіп, қастандық жасауға әрекеттенген. Полиция шақырылған. Келген полицейлер күдіктінің таныстары болғасын нақты шара қолданбаған. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда, әкесін өлтіруге оқталған ер адам анасын соққыға жығып, үйден қуып жіберген.

Жәбірленушінің видеоүндеуі журналист Гүлмира Әбіқайға жіберген. Журналист тасбауыр баланың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жариялады.

Түркістан Жетісай Әке Бала

Тақырыпқа жаңалықтар