Түркістан облысында кортежбен жүрген түлектерге ескерту жасалды
Жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылды. Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертулерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Мәселен, Шымкент қаласындағы мектептерді бітіруші жастар Түлкібас ауданында кортеж жасап, көлік терезелерінен денесін шығарып жүрген.
Дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да тіркелді.
«Кортеждегі автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шара қолданылды. Ал, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс полицейлері рейд шараларын жалғастыруда. Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтаңыздар!» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.