Түркістан облысында өзбекстандық турист қаза тапты

31 тамызда Сайрам-Өгем ұлттық паркінде жоғалып кеткен туристер табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шымкенттен шыққан 27 және 28 жастағы жігіттерді құтқарушылар 2200 метр биіктікте, Касқасу ауылынан 8 шақырым жерде тауып алған.

Бір турист дауыстық байланысқа шығып, серігі 1996 жылы туған Өзбекстан азаматы қаза болғанын хабарлаған.

Рельефке байланысты тікұшақ жете алмады. Операцияға Альпинизм федерациясының кәсіби құтқарушылары қосылды. Олар аман қалған туристі атпен эвакуациялады, ал марқұмның денесін полицияға тапсырды.

Түркістан облыс Адам турист

Тақырыпқа жаңалықтар