Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазығұрт – Жібек жолы тас жолында екі автокөлік соқтығысқанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай, Haval көлігімен соқтығысқан», – деп хабарлады ПД.
Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Тағы бірнеше зардап шеккен адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: