«Түркістан облысындағы өрт»: 7 жасар жеткіншек Шымкентке жеткізілді

Алғабастағы өрттен аман қалған 7 жасар жеткіншек Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алғабаста болған өрт салдарынан зардап шеккен, 2018 жылы туған жеткіншек Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындады. Жеткіншек арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін 2 зардап шегуші де Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілген еді.

Шымкент Түркістан Алғабас Жетісай

Тақырыпқа жаңалықтар