Түркістанда 1 жастағы баланың ішінен 4 см шеге шықты

Түркістанда дәрігерлер бір жасар баланың ішінен 4 сантиметрлік шеге алып шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 1 жасар баланың өмірін аман алып қалды. Бала 27 қазан күні түскі уақытта ауыр жағдайда жеткізілген. Анасы баласының тыныс ала алмай жатқанын айтып, шұғыл көмек сұраған.

Тексеру кезінде дәрігерлер ларингоскопия әдісі арқылы сәбидің көмейінен ұзындығы 4 сантиметр болатын темір шегені сәтті алып шыққан.

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ол анасының қасында хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Түркістан Дәрігер Бала шеге

Тақырыпқа жаңалықтар