«Түркістанда 15 жастағы қыздың босануы»: Жергілікті полицияға қатысты тексеріс басталды
Түркістанда жасөспірім 71 жастағы ер адамнан жүкті болып қалған. Енді бұл қылмысқа полиция да жауап береді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаның мән-жайын жазды. Айтуынша, қыз қаңтарда Астана қаласында босанған. Аурухана қалалық полицияға хабарлаған. Елордалық тәртіп сақшылары бұл деректі тіркеп, Түркістан облысына бағыттаған.
«Алайда Келес ауданының полиция бөлімі оны номенклатуралық іс ретінде есептен шығарып тастаған», - деп жазды ол.
Осы дерек бойынша ішкі істер министрлігі мен прокуратура тексеріс бастады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: