Түркістанда мүгедек бауырын зорлаған ағайындылар сотталды
Түркістанда 23 жастағы туысқанын зорлаған ағайындылар 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сотталушылардың бірі 7 ақпанда туысқан әпкесінің үйіне заңсыз кіріп, 41 мың теңгесін жасырын жымқырған.
Сол үйде жалғыз қалған ІІ топтағы мүгедек жігіттің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен.
Ал 16 ақпан күні өзінің үйіне моншаға түсуге келген туысқан әпкесі мен оның баласын көріп, қалған екі сотталушымен алдын ала сөз байласқан.
Солай жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған.
Үш сотталушының бірі кінәсін ішінара мойындаса, екеуі тағылған айыптан бас тартты.
Сондай-ақ сотталушылардан 5 млн теңге моральдық шығын өндірілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: