Түрмеде бүлік шығарғандар тағы 9 жылға сотталды
Түрмеде бүлік шығарғандар тағы 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркістан облысындағы түзеу мекемесінде бүлік ұйымдастырған 13 сотталушыға қатысты үкім шықты. Бес айға созылған сот процесі нәтижесінде олардың әрқайсысы қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, Леңгір қаласындағы №55 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер тәртіп бұзып, 88 бейнекамераны сындырған, ескі киімдер мен матрастарды өртеп, электр желілерін зақымдаған еді.
Сот барысында олардың түрме қызметкерлеріне қарсы шыққаны және мекеме мүлкін әдейі бүлдіргені дәлелденді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: