ТЖМ қызметкерлері су тасқынынан кейін 179 үйден суды шығарды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері су тасқынынан кейін 179 үйден суды шығарды. Қазір Есіл өзеніндегі су деңгейін бақылау, сондай-ақ су басқан ғимараттарды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 179 үйден су бұрылып, сорылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бұл үшін республика Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпаларды пайдаланды. Барлығы 277 мың текше метрден астам су сорылды.
Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Есіл өзеніндегі су деңгейін бақылау жұмыстарын жүргізуде.Сонымен қатар Құлсарыда су басқан үйлердің суын сорып, үй-жайларды дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың бақылауда екенін баса айтты.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында қазіргі таңда жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте 3500 қап пен 427 тонна инертті материал төселіп, соның арқасында Торғай өзенінің су деңгейі тұрақтанды.