Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2026, 11:11

Ұлытау облысында Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Тыл еңбеккерлеріне 200 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің жұбайларына 100 мың теңге мөлшерінде төлем қарастырылған. Бұдан бөлек, концлагерьлер мен өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына да 200 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Төлемдер азаматтардың шоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады.

Айта кетейік, облыста қазіргі таңда 317 тыл еңбеккері, 19 соғыс ардагерлерінің жұбайы және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.

тыл еңбеккері төлем Ақша біржолғы

Тақырыпқа жаңалықтар