Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2026, 21:29

Ұлытауда бәс тіккен 30-дана аса мемлекеттік қызметкер қызметінен қуылды

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойынын ойнағанын анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Прокуратура мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Оған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

Прокуратура мәліметінше, 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды. Олар қызметінен босатылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады», деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.

Ұлытау облыс бәс Қызмет
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар