ҰҚК мен ІІМ-нің жалған куәліктерін жасаған: Атырауда 39 жастағы тұрғын мемлекеттік органдардың құжатын жасаумен айналысқан

Жалған құжаттардың бірқатарын полиция көлікті тоқтату кезінде 4 адамнан анықтаған. Олардан тапаншаға ұқсас зат пен жалған ҰҚК қызметкерінің қызметтік куәлігі табылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тәртіп сақшылары жалған құжаттарды дайындаған күдіктінің ізіне түсіп, үйінен 803 жалған куәлік тәркіледі.

Оның ішінде 606 – ҰҚК, 95 – ІІМ, 47- салық органдары, 46 - прокуратура және 9 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәліктері болған.

Бұдан басқа, ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөрлер және дайындауға арналған арнайы жабдықтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктінің сыбайластары және осы уақытқа дейін жалған құжат сатып алып үлгерген өзге де адамдар анықталып жатыр.

жалған құжат Көлік полиция куәлік

Тақырыпқа жаңалықтар