Қазақстанда 2027 жылы декреттік төлемді есептеу тәртібі өзгереді

Қазақстанда 2027 жылы ең төменгі жалақы өсуіне байланысты жүктілік пен босануға арналған әлеуметтік төлемді есептеудегі айлық табыс шегі (7 ЕТЖ) 770 000 теңгеге дейін көтеріледі. 2026 жылы бұл шек - 595 000 теңге. Осылайша, жалақысы жоғары әйелдердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алатын төлемі артады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төлем жүйесі елде бұрыннан жұмыс істейді және әлеуметтік аударымдарға негізделген. Оны ресми жұмыс істейтін әйелдер, жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындар жүктіліктің 30-аптасынан бастап берілетін парақ негізінде 12 ай ішінде рәсімдей алады.

Есептеу соңғы 12 айдағы орташа табыс пен демалыс күндеріне (126 күнге - 4,2, 140 күнге - 4,67 коэффициенті) қарай жүргізіледі; асқыну кезінде қосымша 14 күн берілсе, төлем автоматты қайта есептеледі.

Табыс шектен асса, айырмасын немесе орташа жалақыға дейінгі қосымша төлемді жұмыс беруші еңбек/ұжымдық шартпен өз еркімен өтей алады.

Төлем жүйесі Әлеуметтік аударымдар жалақы

Тақырыпқа жаңалықтар