Үржарда көлік қаққан екі баланы санитарлық авиация Астанаға алып кетті

Үржарда көлік қаққан екі баланы санитарлық авиация Астанаға алып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты.

«Пациенттерді Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданды. Бала жағдайының тұрақсыздығы ескеріле отырып, пациенттердің бірі – тоғыз жасар қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д.Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Айта кетейік, ауруханаға түскен үш баланың да бассүйегі зақымданған. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалары жарақаттанған.

 

Үржар Абай облыс Адам

Тақырыпқа жаңалықтар