Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Оңтүстік Кореяда ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті бюджетке төленетін төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қылмыстық әрекет мынадай жолмен жүзеге асырылған: кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген, олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізілген, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізіліп, кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған», - делінген мәлімдемеде.
Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірінде күдікті директор орынбасары болған.
Топ мүшелері серіктестіктің шотынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.
Ал қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан.