Яна Легкодимованың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Былтыр қазан айында 23 жастағы мұнай және газ университетінің түлегі Яна Легкодимова қатыгездікпен өлтірілді. Айыпталушылар – Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов.Тергеу олардың қылмысты алдын ала жоспарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қылмыстың себебі — опасыздықты жасыру ниеті болды. Яна Хайржановтың басқа қызбен кездесіп жүргенін біліп, оны айтпақ болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Хайржанов Янаны көлікте тұншықтырған, ал Катимов есікті ұстап тұрған. Кейін олар денесін Орал өзеніне тастаған. Сондай-ақ сот отырысында айыпталушылардың қылмысқа дейінгі және одан кейінгі хат алмасуларының скриншоттары көрсетілді.

Екі айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру») және («Ұрлық») бойынша айып тағылып, сот процесі жалғасып жатыр.

 

 

Ақтөбе Тергеу Қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар