Яна Легкодимованың өлтіргендер апелляцияға арыз берді
Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов сот үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жәбірленуші тарап өкілдерінің мәліметінше, апелляциялық шағымдар 2026 жылғы 21 қаңтарда түскен және қазір заңгерлер тарапынан зерделеніп жатыр. Келесі кезеңде іс апелляциялық сатыда қаралады.
Бірақ үкім заңды күшіне енсе, сотталғандар №39 мекемеге, яғни ерекше режимдегі «Қара Бүркіт» колониясына жөнелтіледі.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылғы 19 қазанға қараған түні болған. Яна Легкодимованың мәйіт қалдықтары сегіз ай өткен соң Жайық өзенінің жағасынан табылды. 2025 жылғы 17 қарашада сот Хайржанов пен Катимовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етіп, материалдық өтемақы төлеуді міндеттеген.