Жалған инвестиция: ІІМ азаматтарға үндеу жасады
Әлеуметтік желілерде «тез табыс», «оңай ақша», «инвестиция арқылы пайда табу» деген жарнамалар көбейген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сілтемеге өткен адам тіркеліп, байланыс нөмірін қалдырады. Көп ұзамай өздерін қаржы маманы немесе жеке менеджер ретінде таныстырғандар хабарласып, ақша салуды ұсынады.
Алғашында аз ғана сома салдырып, жалған табыс көрсетеді. Осылайша сенімге кіріп, кейін қомақты ақша салуға көндіреді. Ал қаражатты қайтарғыңыз келгенде комиссия, салық, сақтандыру төлеу керек деген сылтаулар айтады. Нәтижесінде адам бірнеше рет ақша аударып, соңында алданып қалғанын кеш түсінеді.
Сондай-ақ полиция ешбір нақты инвестициялық компания «100% кепілдендірілген табыс»ұсынбайтынын ескертті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: