Жалған нөмірмен жол ережесін өрескел бұзған депутат қамалды
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты, Ama nat партиясының мүшесі Ерғали Аманбаев 4 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақпаратты партияның Түркістан облыстық филиалы растады. Депутатқа «жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлі көлікті басқару» бабы бойынша айып тағылған. Сотта күдікті нөмірді көлікке бауыры орнатқанын және өзі бұл жағдайды байқамағанын айтып ақталды.
Алайда сот депутатты кінәлі деп таныды. Ол 4 тәулікке қамалып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза арқалады.
Полиция департаменті депутатқа жалпы сомасы 180 АЕК (707 760 теңге) айыппұл салынғанын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: