Жалғызбасты ананы қағып өлтірген азаматтың жүргізуші куәлігі болмаған
Жалғызбасты ананы қағып өлтірген азаматтың жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай 10 мамыр күні Көкшетауда болған еді.
Полицияның мәліметінше, рульді тізгіндеген адам көлік жүргізуді оқымаған. Оған қоса көлік басқаруға құқығы болмаған. Әйелді көлік рульіне күйеуі отырғызған.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің күйеуіне, яғни жол талғамайтын көліктің иесіне қатысты бір іс тіркелді. Сот әйелді үйқамаққа алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: