Қазақстан жаңалықтары29 тамыз 2025, 16:34

Жамбыл облысында 14 жастағы қыз қатарласынан жүкті болып қалған

Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы құрдасынан жүкті болып қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Байзақ ауданының Бурыл ауылында 14 жастағы оқушы қыздың жүктілігін алғаш анасы байқайды. Ол дереу қызын УДЗ-ге апарады. Сол жерде жүктілік расталған. Ал құрсақтағы сәбидің әкесі 14 жастағы жасөспірім болып шықты.

Мектепте жасөспірімдердің ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір қызбен және оның сүйіктісімен мектеп психологтары жұмыс жасауда.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК 122 — бабының 1-бөлігі («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

жамбыл облыс Оқушы Мектеп
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар