Жамбыл облысында алаяқ қайтарымсыз несие әперемін деп мүгедек адамды алдап соқты
Жамбыл облысында алаяқ қайтарымсыз несие әперемін деп мүгедек адамды алдап соқты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот мәліметінше, 2025 жылы алаяқ Жуалы тұрғынының інісі мүгедек екенін біледі.
Оның атына 5 млн теңгеге қайтарымсыз несие ресімдеуді ұсынған. Інісінің ІІ-топтағы мүгедектігі туралы құжаттарының көшірмелерін алған.
Бұдан кейін кредит рәсімдеу үшін 300 мың теңге сұраған.
Ауыл тұрғыны оған да келісіп, сұраған ақшасын тауып берген. Бірақ алаяқ бұл қаражатты керегіне жаратып жіберген.
Алданған тұрғын алаяқтың залалды өтегенін, сотталушымен татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұраған.
Жәбірленушінің өтінішімен іс тоқтатылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: