Жамбыл облысында баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шықты
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баласын ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ер адамның ісі Сарысу аудандық сотында қаралды.
«Айыпталушы түні бойы телефон қарап, таңертең уақытында оянбаған жас ұлына ашуланып, оны «тәрбиелеу» мақсатында бетінен ұрған», – деп хабарлады сот.
Судья ер адамның кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін ескере отырып, сотталушыға 100 қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: