Жамбыл облысында дәрігерлердің қарауынсыз қалған бала көз жұмды

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында алты жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Туыстарының айтуынша, баланың өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған.

Отбасының сөзінше, бала 29 қыркүйекте ауырған. Учаскелік дәрігер көмек көрсетпей, үйге қайтарып жіберген. Тек 7 қазанда туыстарының өтінішінен кейін ғана ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігерлер нақты диагноз қоймай, тек «креон» дәрісін ғана берген.

10 қазан күні бала көз жұмды. Туыстары оқиғаны әділ тергеуді талап етіп отыр.

«Баламызды сот-медициналық экспертизаға алып кеткелі жатыр. Ешқандай дәрі бермеген. Бір апта бойы қиналған. Тек қана Креон берген. Бәрін жасырып отыр. Диагнозын айтпайды, ауру тарихын бермейді», - дейді баланың әпкесі. 

Жамбыл облысы полиция департамкнті «Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу» фактісі бойынша Т.Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына тергеу жұмыстарын бастады.

жамбыл облыс Бала көз жұмды

Тақырыпқа жаңалықтар