Жамбыл облысында қауіпті автошеруге қатысқандар жауапқа тартылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейд барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түнгі уақытта өткен автошеруге қатысушылар жол бойында отшашу жасап, азаматтардың өміріне қауіп төндірген.

Атап айтқанда, Subaru автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс кезінде қауіпті маневр жасаған. Сондай-ақ бірқатар жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған.

Бұдан бөлек Mercedes-Benz автокөлігінің иесі көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмаған жасөспірімге берген.

Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктер айып тұрағына қойылды.

жамбыл облыс Жастар Шеру
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар