Жамбыл облысында той кортежі көліктен отшашу және мылтықпен от атқан
Жамбыл облысында той кортежі көліктен отшашу және мылтықпен от атқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ал бір көлікті жасөспірім басқарған. Полицейлер жол ережесін өрескел бұзушыларды жауапқа тартты.
Тексеру нәтижесінде екі жүргізуші көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеті көлік айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ көлік салонынан аңшылық мылтықпен оқ атқан ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: