Жамбыл облысында жер сілкінді
Жамбыл облысында жер сілкінісі селізді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өткен түнде Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде болған.
Қазақстан ұлттық деректер орталығы 10 шілдеде Астана уақытымен 00:59-да тіркелген жер сілкінісінің ошағы жердің 15 шақырым терең қабатында орналасқан деп хабарлады.
Зардап шеккендер мен мүліктер қирап-бүлінгені туралы ақпарат түспеген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: