Жамбылдық келін зағип енесіне жантүршігерлік әрекет жасады

Келіншек зағип енесінің атына несие рәсімдеп қашып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жамбыл облысында келіні зағип енесінің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеп, қашып кеткен. Жамбыл облысында сот енесінің атына бірнеше рет несие ресімдеп, Алматыға кетіп қалған әйелге үкім шығарды. Шығын 514 мың теңгені құрады.

Соттың мәліметінше, биыл наурыз айында келіншек қарт әйелдің көру қабілеті нашар екенін біліп, оны құжаттарды рәсімдеу үшін ЭЦҚ ашуға көндірген. Осы сылтаумен ол енесінің атына бірнеше онлайн несие рәсімдеп, қашып кетеді.

Полиция келіннің жеке басын анықтады. Әйел кінәсін мойындады. Сот шешімімен ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

жамбыл облыс келін ене

Тақырыпқа жаңалықтар