Жаңаөзеннің қыздары төбелес шығарып, бір-бірін аяусыз соққыға жықты

Жаңаөзенде жасөспірім қыздар арасындағы төбелес 18 қазан күні кешке болған. Бір-бірін аяусыз соққыға жыққан қыздардың бейнесі кеше, 23 қазан күні әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Министрліктің мәліметінше, Маңғыстау облысының білім басқармасы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Ал Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғаған.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабына сай, оқушы қыздардың ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды», – деп хабарлады министрлік.

Ал Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сержан Түйешиев 8 бен 9-сынып оқитын екі қыз және колледжде 2-курста оқитын 18 жастағы қыздар сөзге келіспей, кикілжіннің соңы төбелеске ұласқанын айтты.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жасөспірімдер мен ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Іс сотқа жолданды. Сонымен қатар, 3 қыз да полиция басқармасының есебіне қойылды», – дейді Сержан Түйешиев.

Жаңаөзен Маңғыстау Төбелес Оқушы
Кеше, 18:42 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:49 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар