Жантүршігерлік ұшақ апатынан борттағылар ажал құшты
Парижден шамамен 100 шақырым жерде орналасқан Францияның Шартр қаласы (Эр және Луара департаменті) маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлады, деп жазды Arbat.Media turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ұшақ тұрғын үй ауданында құлағанына қарамастан, үйлердің үстіне құламаған", – делінген префектура таратқан мәлімдемеде. БАҚ мәліметінше, бір ғана автокөлікке зақым келген.
Қаза тапқандар қатарында екі ер адам мен бір әйел бар. Олардың жасы нақты көрсетілмеді.
Ұшақ Шартр қаласындағы аэроалаңға тиесілі әуеклубқа қараған. Оқиға орнына полиция келіп, аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: