Жаркентте баласын аяусыз ұрып-соққан әйел қамауға алынды

Жетісу облысында өз баласын ұрды деп күдікке ілінген әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сәбиге көрсетілген зорлық-зомбылық бейнеленген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Полицейлер баланың анасының жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүргізіліп жатқан кезде әйелдің екі баласы отбасын қолдау орталығына орналастырылды.

27 қаңтарда сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға санкция бергені белгілі болды. Әйелге кәмелетке толмаған балаға қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жетісу Жаркент облыс Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар