Жаркентте мектеп аумағында 5-сынып оқушысын тоқ соғып, мерт болды
Желіде тараған ақпарат бойынша, ойнап жүрген қыз ашық тұрған трансформатор станциясына кіріп кеткен. Қайғылы оқиға 9 шілдеде болған, ал 10 шілдеде ол 10 жасқа толар еді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бабы бойынша тергеуді бастады. Қазіргі уақытта нысанның қауіпсіздігіне және оны пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті тексеріліп жатыр. Сондай-ақ жауапты органдарға қауіпсіздік талаптарын күшейту туралы нұсқама жолданды. Тергеу барысы полиция бастығының бақылауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: