Жетісайдағы өрттен оныншы бала қаза тапты
Түркістан облысының Алғабас ауылында болған тұрғын үй өртінде 7 жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімге дәрігерлер барлық жағдай жасағанымен, өмірін сақтап қала алмады.
Марқұмның денесі ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.
Бұл өрт кезінде қаза тапқан оныншы бала болып отыр.
Осыдан 4 күн бұрын денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған еді. Ол санитарлық авиация арқылы Жетісайдағы ауруханадан Шымкентке жеткізілген болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: