Жетісу облысында бес автокөлік соқтығысты

Жетісу облысында бес автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Үшарал-Достық тас жолында болды. Апат салдарынан 6 адам жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға болған сәтте аталған жол учаскесі ресми түрде жабық болған.

Жүргізушілер тыйымды елемей, айналма жолмен жүріп, жабық автожолдың ортасына шығып кеткен.

Жетісу облыс Апат Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар