Жетісу облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам сотталды

Жетісу облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға учаскелік инспектордың «102» пультіне түскен шақырту бойынша барған кезінде болған. Заң талаптарын орындамаған ер адам полиция қызметкеріне қол көтеріп, қызметтік бейнежетонын жұлып алған. Сондай-ақ погонын зақымдаған.

Сот шешімімен тәртіп сақшысына шабуыл жасаған азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Жетісу облыс полиция сот
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар