Жетісу облысында жер сілкінді
Бүгін, 31 наурызда сағат 11:11-де Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жер дүмпуінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,4-ке тең.
Жер асты дүмпуі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында — 2 балл, Текелі қаласында, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында — 2 балл болып сезілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: