Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

24 қаңтар шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданындағы «Көшкентал - Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктер жол апатына ұшыраған. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тауып, түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Жетісу Алматы облыс Апат

Тақырыпқа жаңалықтар