Жолаушының әзілінен кейін Атырау әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

Жолаушының әзілінен кейін Атырау әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға "Атырау – Алматы" рейсіне тіркеу кезінде болған. Жолаушы қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін әзілдеп айтқан.

Салдарынан әуежайдағы барлық адам эвокуацияланып, жұмыс уақытша тоқтатылды.

Тексеру нәтижесінде қауіп анықталмады.

Ал ер адамға қылмыстық кодекстің 273-бабы – "Терроризм актісі туралы көрінеу

жалған хабарлау" бойынша іс қозғалды.

Атырау Алматы Ұшақ Әуежай

Тақырыпқа жаңалықтар