Спорт11 қаңтар 2024, 11:00

Australian Open: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

Теннистен әйелдер арасында 14-18 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жариялады. 

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Хобарт жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дмитрий Попко Буэнос-Айрес турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Australian Open Елена Рыбакина қарсылас

Тақырыпқа жаңалықтар