Петропавлда макарон фабрикасында жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиға түнгі ауысым кезінде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
35 жастағы жұмысшы қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқанда, аппарат кенеттен іске қосылып, ер адамды ішіне тартып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға марқұмның әріптесінің көз алдында болған. Алайда ол шегініп үлгеріп, аман қалған.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: