Спорт3 желтоқсан 2023, 21:18

Аяжан Сыдық бокстан әлем чемпионы атанды

Аяжан Сыдық Арменияның Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz жариялады.

54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталып,Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Бұл Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы алтын медалі.

Финалда қыздар арасында – Толғанай Қасымхан (60 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), ұлдар арасында – Нұрсалы Тілеубек (54 кг) рингке шығады. Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.

Аяжан Сыдық бокс Әлем чемпионаты алтын медаль

Тақырыпқа жаңалықтар