Азия чемпионаты: Гимнастшылар үш медаль жеңіп алды
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ел қоржынына Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Атап айтсақ, кеше Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізсе, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, кеше көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.
Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.