Placeholder
Фото:Richard Pelham/Getty Images
Richard Pelham
Спорт13 тамыз 2024, 16:00

Баходир Жалолов әуесқой бокстан кететінін айтты

Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Өзбекстан боксшысы Баходир Жалолов әуесқой бокстан кететінін мәлім етті. «Мен өмірімнің 15 жылын әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің басталуы сияқты соңы да бар. Бұл күн де келді. Бұл ұзақ жолда көп сын мен сөз айтылды. Бәрінен дұрыс қорытынды жасап, күш жинадым. Ешқашан әуесқой бокста ақша үшін күреспедім. Олимпиадада өз елімнің туын жоғары көтеріп, алтын медалін жеңіп алуға тырыстым. Біздің қолымыздан келді. Осы жолда мені қолдағандарға, менің анама және менің барлық жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Енді менің мақсатым - кәсіби бокста ең мықты болу. Менің ойымша, бұл жолды да сіздермен бірге өтеміз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», деп жазды Баходир Жалолов іnstagram-дағы парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Енді Баходир Жалолов кәсіпқой бокста бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Баходир Жалолов Парижде 92 кг жоғары салмақтағы бокс бәсекесінің финалында испаниялық Айюб Гадфаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bakhodir Jalolov (@bakhodirdjalolov)

Баходир Жалолов әуесқой бокс Қоштасу

Тақырыпқа жаңалықтар